Accessibility links

"Қорғас ісі" бойынша сот қайта жалғасты


ЛА-155/18 тергеу изоляторында "Қорғас ісі" бойынша өтіп жатқан сот отырысының монитордағы көрінісі. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

ЛА-155/18 тергеу изоляторында "Қорғас ісі" бойынша өтіп жатқан сот отырысының монитордағы көрінісі. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

Алматыда "Қорғас ісі" бойынша өтіп жатқан сот бірер сағат үзілістен соң қайта жалғасты.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы Қорғас кеден бекетіндегі жемқорлыққа байланысты қозғалған іс бойынша сот отырысы Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында өтіп жатыр. Соттың түске дейінгі бөлігінде айыптыларға қылмыстық кодекстің "экономикалық контрабанда", "ұйымдасқан қылмыстық топ құру", "заңсыз жолмен алынған қаржыны заңдастыру", "билікті теріс мақсатта пайдалану", "қызмет өкілетін теріс пайдалану" баптары бойынша ресми айыптар тағылды.

Түске дейін өткен соттың алғашқы отырысында Руслан Сыдықов есімді айыпталушының жағдайы нашарлап, сотта қысқа уақытқа үзіліс жарияланған еді.

Сот үзілісі кезінде айыпталушылардың кейбірі өздеріне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Ал адвокаттар қорғауындағы айыпталушылармен есіктің тор терезесі арқылы сөйлесетінін айтып, ол шектеуді алып тастауды сұрады.

Сотқа барлығы 45 адам тартылған. Олардың 42-сі - қамауда отыр, үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бұлардан бөлек 19 адамға іздеу жарияланған. Қылмыстық істің бір бөлігі сол 19 адамға арналған.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG