Accessibility links

Ибрагим Тодашев Грозныйда жерленді


Ибрагим Тодашевті жерлеу рәсімі. Грозный, Шешенстан, 20 маусым 2013 жыл.
Ибрагим Тодашевті жерлеу рәсімі. Грозный, Шешенстан, 20 маусым 2013 жыл.
АҚШ-та "Бостон жарылысына" қатысты іс бойынша тергеу кезінде атып өлтірілген этникалық шешен Ибрагим Тодашевты туыстары бейсенбіде Грозныйда жерледі.

АҚШ федералдық тергеу бюросы (ФБР) баспасөз қызметі Тодашевтың 22 мамырда тергеу кезінде қаза болғанын хабарлаған еді. ФБР-дың хабарлауынша, Тодашевты тергеу кезінде "доңайбат көрсетіп, қауіп-қатер туғызғандықтан" агент атып тастаған.

Ибрагим Тодашев 2011 жылы Массачусетсте үш адамның өліміне қатысты іс бойынша тергеліп жатқан. Тергеушілер ол оқиғаға Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың да қатысы болуы мүмкін деген.

Биыл сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында марафон кезінде бомба жарылысынан 3 адам мерт болып, 260-тан астам адам жараланды. Полиция жарылысқа күдіктілер ретінде ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтарды атады. Тамерлан Царнаев сәуірдің 18-і күні полициямен атыс кезінде оққа ұшты. Ал Джохар Царнаев сәуірдің 19-ы күні Бостон қаласының маңында ұсталып, қазір қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG