Accessibility links

Facebook жаңа қосымшасын таныстырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Facebook әлеуметтік желісі қолданушыға Instagram қызметі арқылы қысқа видео орналастыруға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны іске қосқанын жариялады. Жаңа қосымша Twitter шағын блогтар сайтындағы Vine платформасымен бәсекеге түспек.

Facebook-тің жаңа қосымшасы Android жүйесіне негізделген байланыс құралдарында жұмыс істейді, видеоға түсірген кезде дірілді реттейтін функциясы бар. Қосымшаның көмегімен ұзақтығы 15 секундқа дейінгі видеоны жүктеуге болады. Vine платформасы ұзақтығы 6 секундтан аспайтын видеоны жүктеуге мүмкіндік беретін.

Facebook компаниясы ұялы телефонмен түсірілген фотосуреттерді өңдеп, алмасуға арналған Instagram қызметін былтыр сәуірде бір миллиард долларға сатып алған еді.

2011 жылдың қазан айында іске қосылған Instagram бастапқыда тек Apple компаниясының құрылғыларына ыңғайлы етіп жасалған болатын. Бірақ кейін Android жүйесіне арналған үлгісін де шығарды.
XS
SM
MD
LG