Accessibility links

АҚШ президенті Обама Назарбаевқа хат жолдады


АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оңтүстік Корея, Сеул, 27 наурыз 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оңтүстік Корея, Сеул, 27 наурыз 2012 жыл.

Бұл туралы 21 маусымда Қазақстан президентінің ресми сайты хабарлады.

Сайтта жарияланған хат мәтіні бойынша АҚШ президенті Барак Обама АҚШ пен Қазақстанның бірқатар мәселелер бойынша позициясының ортақ екенін жазып, Астананың Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты позициясына ризашылық білдірген. Мәтінде «Сіздердің елдеріңіздің көмегі ауғандықтар өмірін жақсартуға және осы елдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күштердің тиімділігіне оң ықпал етеді» деген жолдар бар.

Обама АҚШ-тың Америка әскері Ауғанстаннан кеткеннен кейін де аймақ істеріне қатысып отыратынын білдіріп, Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау ісіндегі еңбегін атап өткен. Иран ядролық бағдарламасына қатысты Қазақстан өткізген келіссөздерді де жоғары бағалаған.

Обама АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтынын, демократиялық даму мен ашық нарықтық экономика тұрақтылық пен екі ел арасындағы достықтың кепілі болатынын жазып, қатынастардың бұдан ары да нығаятынына сенім білдірген.
XS
SM
MD
LG