Accessibility links

6 миллион адамның "Facebook-мәліметі" жарияланып кетті


Bosnia-Herzegovina -- A smartphone user shows the Facebook application on his phone in the central town of Zenica, 02May2013
Bosnia-Herzegovina -- A smartphone user shows the Facebook application on his phone in the central town of Zenica, 02May2013
22 маусымда Facebook компаниясы 6 миллион қолданушының жеке мәліметтерінің бағдарламадағы қателіктің кесірінен жария болып кеткенін хабарлады.

Facebook таратқан мәлімдемеде бағдарламадағы қателік "Сіз туралы мәліметті жүктеп алу" түймесінен кеткені, осы құралдың қызметінің бұзылуынан кейбір адамдардың электронды адресі мен телефон нөмірлері туралы мәліметтер басқа пайдаланушыларға берілгені" айтылады.

Кейбір Facebook қолданушылар осы құралды басқанда оған өзі байланыс орнатқан адамдардың жеке мәліметтері көрсетілген. Facebook мәліметтері жария болған қолданушыларына бағдарламадан қателік кеткені туралы хабарлама таратқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG