Accessibility links

Сноуденнің Мәскеуге кеткені хабарланды


Эдвард Сноуден. Гонконг, 8 маусым 2013 жыл.

Эдвард Сноуден. Гонконг, 8 маусым 2013 жыл.

23 маусымда Гонконгта шығатын "South China Morning Post" басылымы АҚШ барлауының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің Гонконгтен шығып, Мәскеуге аттанғанын хабарлады.

Гонконг үкіметінің баспасөз қызметінің өкілі де Сноуденнің қаладан шығып кеткенін растады.

Эдвард Сноуден - АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері. Ол АҚШ-тың барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. АҚШ Сноуденді сотқа беріп, Гонконг үкіметінен ұстап беруді сұраған.

"South China Morning Post" басылымы 23 маусымда Сноуден берген сұхбатты жариялады. Онда Сноуденнің Мәскеуге ұшып бара жатқаны, бірақ Мәскеуде қалмайтыны айтылған.

АҚШ үкіметі Эдвард Сноуденге "тыңшылық жасады" деген айып тағып, айыптау құжаттарын Вирджиния штатының федералды сотына 21 маусымда түсірген.

Сноуденге "мемлекеттік меншікті ұрлады, ұлттық қорғаныс ақпараттарын рұқсатсыз бөгде адамдарға таратты" деген айыптар тағылған. Бұл айыптардың әрқайсысы бойынша 10 жыл түрме жазасы қарастырылған.
XS
SM
MD
LG