Accessibility links

Ауғанстан үкіметі "Талибанға" шарт қойды


"Талибанның" Дохада ашылған өкілдігі. Катар, 18 маусым 2013 жыл.
"Талибанның" Дохада ашылған өкілдігі. Катар, 18 маусым 2013 жыл.
Ауғанстан үкіметі "Талибан" ұйымымен диалог жүргізуге дайын екенін, бірақ ұйым әуелі таяуда Катарда ашқан ресми өкілдігіне қатысты түсінік беруі қажет екенін айтты.

"Талибанның" Дохадағы өкілдігі өткен аптада ашылған еді. "Талибан" өкілдікті ұйымның бұрын Ауғанстанда билік құрған кезеңіндегі ресми атауымен атап, кеңсеге бұрынғы туын ілген. Бұл Хамид Карзай үкіметінің наразылығын тудырған.

Ауған үкіметі өкілінің хабарлауынша, Кабул Катарға "Талибанмен" келіссөздер жүргізуге делегациясын жіберуге дайын. Бірақ Кабул ол үшін "Талибаннан" өкілдік арқылы шетелдегі дипломатиялық қызметін қайта жандандырмайтынына кепілдік беруді сұрап отыр.

"Талибан" өкілдіктің атауы мен ту Катар үкіметінің келісімімен қойылғанын айтады. Ал Associated Press-тің хабарлауынша, жексенбіде Дохадағы өкілдіктен ту алынып тасталған.
XS
SM
MD
LG