Accessibility links

Түркімен парламенті сайлауы 15 желтоқсанда өтеді


Түркіменстанның парламент үйі, Ашғабад. Көрнекі сурет.

Түркіменстанның парламент үйі, Ашғабад. Көрнекі сурет.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, елде парламент сайлауын 15 желтоқсанда өткізу туралы қаулы қабылданған.

Түркіменстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері елде бірінші рет көппартиялы сайлау өтейін деп отыр.

Өткен жылға дейін Түркіменстанда бұрынғы коммунистік партияның орнына құрылған Түркіменстанның демократиялық партиясы ғана болған еді. Партияны ел басшылары басқарып келген.

2012 жылы президент Гурбангулы Бердімұхамедов тағы бір партия құрылуы тиіс деген соң сол жылы тамызда Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы құрылған. Билік партияның парламент қабылдаған "Саяси партиялар туралы" заң негізінде құрылғанын айтады.
XS
SM
MD
LG