Accessibility links

"Қазақмыс" Жезқазған жұмысшылары "шеруін" түсіндірді


"Қазақмыс" жұмысшылары. Жезқазған, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қазақмыс" жұмысшылары. Жезқазған, 6 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
24 маусымда "Қазақмыс" тобы корпоративті байланыстар департаментінің жетекшісі Мақсұт Жапабаев әлеуметтік желі арқылы Жезқазған мыс қорыту зауытында жұмысшылар шеруі болмағанын мәлімдеді.

Ол "Кәсіпорынның келешегіне алаңдаған қызметкерлер өз беттерімен жиналған. Олар зауыт жұмысын 1 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатады деп қауіптенетіндерін айтты" дейді.

"Қазақмыс" өкілі бұл мәлімдемесінде келешекте зауыт қайта құрылатынын, бірақ жұмысшылар қысқармайтынын айтып өткен.

Бүгін азаматтық белсенділер "Қазақмыс" құрамындағы "Қазақмыс Смелтинг" компаниясы жұмысшылары "Қазақмыс" кәсіпорындарын мемлекет меншігіне алу туралы талап қойғандарын хабарлаған еді. Жезқазғандағы мыс қорыту зауытында 1 мың 500-ден астам жұмысшы істейді.
XS
SM
MD
LG