Accessibility links

Берлускони жезөкшеге байланысты сотталды


Италияның бұрынғы премьері Сильмио Берлускони (сол жақта) мен Карима эль-Маруг.
Италияның бұрынғы премьері Сильмио Берлускони (сол жақта) мен Карима эль-Маруг.
Италия соты бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониді "кәмелеттік жасқа толмаған жезөкшелердің қызметіне ақша төледі және өзінің қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деп таныды.

Милан соты шығарған үкім бойынша Берлускони жеті жылға сотталып, мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынбақ. Бірақ сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, апелляция процесін күтіп тұр.

Сот Италия экс-премьерін 2010 жылы премьерлік қызмет атқарған тұста түнгі клуб бишісі, сол кезде 18-ге толмаған Карима эль-Маругпен көңіл қосқаны үшін ақша төлеп, ол әрекетін жасыру арқылы қызметін теріс мақсатта пайдаланды деп айыптаған.

Италиялықтар назарында болған бұл сот процесі екі жылға созылды.

Бірақ 76 жастағы Сильвио Берлускони "кінәсізбін" деп, сот үкіміне шағымданатынын айтады.
XS
SM
MD
LG