Accessibility links

Катар әмірі билікті ұлына тапсырмақ


Катар әмірі Шейх Хамад Бин Халиф Әл-Тани.

Катар әмірі Шейх Хамад Бин Халиф Әл-Тани.

Катардың "Әл-Жазира" телеарнасы ел әмірі Шейх Хамад Бин Халиф Әл-Тани билікті мұрагері, 33 жастағы ұлы Шейх Тамимге тапсыруға дайындалып жатқанын хабарлады.

Әмір таяуда тақтан ресми түрде бас тартып, оны ұлына өткізіп бермек. Сарапшылар басшының ауысуы Катардың саяси бағыт-бағдарына әсер етпейді деген пікір айтады.

61 жастағы Шейх Хамад елді 1995 жылдан бері басқарып келеді. Оның басшылығы тұсында Катар аймақтық деңгейде және халықаралық аренада маңызды рөл атқара бастады. Екі миллион халқы бар бұл ел - АҚШ-тың Парсы шығанағындағы саяси одақтасы.

Катар - әлемде сығымдалған табиғи газды ең көп экспорттайтын мемлекет. Бұл ел оған қоса медиа кеңістіктегі ең ірі инвестор және басты ойыншылардың қатарында тұр.
XS
SM
MD
LG