Accessibility links

Өзбекстан қырғыз құқық қорғаушысын елге кіргізбеді


Төлекан Исмаилова, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Төлекан Исмаилова, қырғызстандық құқық қорғаушы.

Өзбекстан Қырғызстандық құқық қорғаушы, "Қырғызстан бір әлем" ұйымының жетекшісі Төлекан Исмаилованы Ташкент әуежайынан ұстап, елге кіргізбей қойды деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Исмаилованың әріптесі Дмитрий Кабак құқық қорғаушы өзінің "қара тізімде болғанын, полиция оны депортацияланатынын" хабарлап үлгергенін жеткізді. Құқық қорғаушының не себепті Өзбекстанға кіргізілмегені белгісіз.

Исмаилованың қызы Өзбекстандағы қырғыз елшілігінің қызметкерлері Исмаилованың не себепті Өзбекстанға кіргізілмей қойғанын білу үшін әуежайға барғанын айтады.

Бірер сағат әуежайда болған Исмаилова Ташкенттен Алматыға ұшып кетті. Алматыдан ол Бішкекке қайтады.

Бұрын "Коррупцияға қарсы азаматтар" деп аталған, Исмаилова жетекшілік ететін құқық қорғау ұйымы бұған дейін Қырғызстан үкіметін сынап келген еді.
XS
SM
MD
LG