Accessibility links

Беларусь кәсіпкерлері Кеден Одағына қарсылық білдірді


Беларусьтің орта және шағын деңгейдегі кәсіпкерлері алдағы бейсенбі, 27 маусымда Минскіде үкіметтен елдің Кеден Одағы құрамынан шығуын талап етіп, "ескерту шеруіне" шығатындарын мәлімдеді.

Минскідегі "Перспектива" қоғамдық қорының төрағасы Анатолий Шумченко бүгін журналистерге Беларусь кәсіпкерлерінің форумында кәсіпкерлер Кеден Одағына қарсы петицияға қол жинауға уағдаласқандарын айтты.

Шумченко Кеден Одағының шарттары мен заңнамалары кәсіпкерлердің араласуынсыз түзілгенін және ол ережелер өздерінің мүдделеріне қайшы екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер 1 шілдеден бастап кең көлемде наразылық шерулеріне шығуға дайын.

Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден Одағы 2010 жылы құрылды. Одақ үш елдің арасындағы сауда айналымын жеңілдетеді деп саналған.

Ресей үкіметі бұған дейін Кеден Одағын құрудағы мақсат - 2015 жылға қарай Еуропа Одағы үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағын құру деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG