Accessibility links

Путин: Сноуден әлі Шереметьево әуежайында


Владимир Путин, Ресей президенті.

Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Мәскеу әуежайында екенін растап, оны экстрадициялау туралы Вашингтон талабын орындай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Финляндияға барған сапарында айтты.

Путиннің айтуынша, Сноуден "ерікті адам" және оның Мәскеудегі Шереметьево әуежайына аялдауы Ресей билігі үшін "күтпеген жағдай" болды.

Өткен жексенбіде Гонконгтен Мәскеуге ұшып кеткен Сноуденнің нақты қай жерде жүргені соңғы күнге дейін белгісіз болып келген еді. АҚШ-та оған барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін "тыңшылық жасады" деген айып тағылып, іс қозғалған.

Сейсенбіде Сауд Арабиясында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеуге Сноуденге бола қарым-қатынасты нашарлатудың қажеті жоғын айтып, оны АҚШ-қа қайтаруға шақырды.

"АҚШ соңғы екі жылда Мәскеу сұратқан жеті тұтқынды Ресейге қайтарды. Біз Ресейдің де заң талабына бағынғанын қалаймыз" деді Керри.
XS
SM
MD
LG