Accessibility links

Моңғолияда президент сайлауы басталды


Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.
Моңғолияда президент сайлауына дауыс беру басталды. Сайлауға биліктегі демократиялық партияның атынан - қазіргі президент Цахиагийн Элбэгдорж, оппозициялық Моңғол халықтық партиясы атынан - парламент мүшесі Бадмаанямбуугийн Бат-Эрдэнэ (бұрынғы балуан), Моңғол халық революциялық партиясы атынан - денсаулық сақтау министрі Нацагийн Удвал (ханым) түсіп жатыр. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, қазіргі президенттің сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Сайлауалды кампаниясындағы басты тақырыптардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі болды.

Моңғолия халқының көпшілігі елдің табиғи байлықтарының пайдасын көрмейтінін айтып шағымданады. Моңғолияның табиғи ресурстары - алтын, мыс және көмір экономикалық дамуға себеп болғанымен, инфляцияның өсуіне және байлар мен кедейлердің ара салмағы ұлғаюына әсер етті. Моңғолиялықтардың көпшілігі шетелдік компанияларға кен өндіру құқын беруге қарсы.

Сайлауалды кампаниясында президент Элбэгдорж өзін 1990 жылдары коммунистік партияның үстемдігін жойған қарсылық қозғалысының жетекшісі ретінде насихаттады. Ал қарсыластары оны партиялас жақтастарын сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуден қорғаштап отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG