Accessibility links

Қытай ғарышкерлері Жерге оралды


Қытайдың "Шэньчжоу-10" ғарыш кемесінің экипажы 15 күн ғарышта болып, 26 маусымда жерге оралды.

Бір әйел, екі ер ғарышкер "Шэньчжоу-10" кемесін Қытайдың орбитадағы "Тяньгун-1" ғарыштық модулімен түйістірді.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіде Қытай президенті Си Цзиньпин ғарышкерлерге видео байланыс арқылы жолдау айтып, "Ғарышты игеру арманы - Қытайдың қуатты болу арманының бір бөлшегі" деген.

Қытай алғашқы ғарышкерін 2003 жылы ұшырды. Пекин болашақта ғарышта жеке ғарыш станциясын құрып, Айға адам ұшыруды мақсат етіп отыр.
XS
SM
MD
LG