Accessibility links

Байқоңырдан ұшқан Ресей аппараты орбитаға шықты


Ресейлік "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылған сәті. Байқоңыр, 12 желтоқсан 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ресейлік "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылған сәті. Байқоңыр, 12 желтоқсан 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 26 маусымға қараған түні ұшырылған ресейлік "Ресурс-П" ғарыш аппараты Жер орбитасына шығарылды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

"Ресурс-П" ғарыш аппаратын тіркеген "Союз-2.1б" зымыран тасығышы 25 маусым күні ұшырылған еді. Ресей федералдық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, "Ресурс-П" 10 минуттан кейін зымыран тасығыштан ажырап, орбитаға шыққан.
XS
SM
MD
LG