Accessibility links

Каспийде шағала қырылды


Шағала. Каспий теңізі. (Көрнекі сурет).

Шағала. Каспий теңізі. (Көрнекі сурет).

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Шальга аралында 1200 өлі шағала табылды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Атырау облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиевтің айтуынша, шағалалардың жаппай қырылғаны өткен аптаның соңында мәлім болған.

Оның сөзіне қарағанда, өлген бірнеше құс ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық зертханасының облыстық филиалына тексеруге жіберілген.

"Бір-екі күнде сараптама қорытындысы шығады. Құстардың не себепті жаппай қырылғаны сонда белгілі болмақ. Содан кейін ғана табиғатты қорғауға құзырлы органдардың әрекетіне баға беріліп, шара қолданылады" дейді Қайрат Өтеулиев.

Каспий теңізінің жағасынан бұған дейін бірнеше рет өлі итбалық та табылған еді.
XS
SM
MD
LG