Accessibility links

АҚШ сенаторлары: Каримов журналистерді босатсын


Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 15 сәуір 2013 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Мәскеу, 15 сәуір 2013 жыл.

АҚШ-тың 12 сенаторы Өзбекстан президенті Ислам Каримовты екі журналист пен бір құқық қорғаушыны дереу босатуға шақырды. Журналистер мен құқық қорғаушылардың жақтастарының айтуынша, өзбек билігі оларды түрмеге кәсіби қызметі үшін жапқан.

Сенаторлар Ислам Каримовтың атына жолданған хатта "журналистер Салиджон Абдурахманов мен Дильмурод Саидовтың, құқық қорғаушы белсенді Акзам Тургуновтың босатылуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді" деген.

Human Rights Watch ұйымы, БҰҰ-ның ерікті тұтқындау жөніндегі жұмысшы тобы бұған дейін екі журналист пен бір құқық қорғаушыны "ар-ұждан тұтқыны" деп жариялаған еді.

Сенаторлар бұған қоса осы үш тұтқынның денсаулық жағдайы туралы ақпаратты беруді де сұраған.

Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық "Шекарасыз тілшілер" ұйымы да кеше Салиджон Абдурахмановты "үлкен қауіп-қатерде" деп, оны босатуға шақырған. Ұйым бұдан өзге "кәсіби қызметтері үшін түрмеде отырған" тоғыз өзбек журналисін де босатуды сұрады.
XS
SM
MD
LG