Accessibility links

Ресей "Голос" ұйымының қызметін 6 айға тоқтатты


"Голос" ассоциациясына қатысты сот отырысы. Мәскеу, 25 сәуір 2013 жыл
"Голос" ассоциациясына қатысты сот отырысы. Мәскеу, 25 сәуір 2013 жыл
Ресейдің әділет министрлігі сайлауға бақылау жасайтын тәуелсіз "Голос" ассоциациясын "шетел агенті ретінде тіркеуден өте алмады" деп қызметіне тыйым салды. Министрлік сәрсенбіде ұйым қызметіне алты айға дейін тыйым салынғанын хабарлады.

Сәуір айында сот ассоциация мен оның жетекшісі Лидия Шибановаға "шетел агенті ретінде тіркеуден өтпеді" деп айыппұл салған еді.

2012 жылдың соңында қабылданған үкіметтік емес ұйымдар туралы жаңа заң бойынша елдегі шетелден қаржы алатын және саяси қызметпен айналысатын барлық ұйымдар "шетел агенті" ретінде тіркелуге міндеттелген.

Бірақ "Голос" ұйымы жаңа заң күшіне енген соң шетелден қаржы алуды тоқтатқанын айтады. Ұйым Ресей билігі өзін елде соңғы өткен сайлауларда жаппай заң бұрмалаушылықтар болғанын әшкерелегені үшін қудалап отыр деп санайды.

Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch ұйымы Ресей билігін "үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтіру үшін даулы заңды қолданып отыр" деп сынады.
XS
SM
MD
LG