Accessibility links

Мурси: Алдағы шерулер мемлекетті әлсіретеді


Египет президенті Мұхаммед Мурси. Каир, 15 маусым 2013 жыл.

Египет президенті Мұхаммед Мурси. Каир, 15 маусым 2013 жыл.

Египет президенті Мұхаммед Мурси алда жоспарланып отырған наразылық шерулері "мемлекетті әлсіретеді" деп ескерту жасады. Бұл туралы ол сәрсенбіде телеарнадан билікке келгеніне бір жыл толуына орай сөйлеген сөзінде айтты.

Исламшыл Мурсидің қарсыластары 30 маусымда, оны ұлықтау рәсіміне бір жыл толатын күні президенттің басқаруына қарсы кең көлемде наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, шерулер қарсаңында қалалардың маңайына әскери бөлімдер әкелінген.

Мұхаммед Мурси сөзінде президент ретінде "бірқатар қателіктер жібергенін" мойындап, саяси күштерді реформаларға қатысты келіссөздерге шақырды.

Мұхаммед Мурси президент болған бір жылда елде реформашылдар мен исламшыл күштер арасында үнемі келіспеушілік болып, экономикалық даму құлдырап кетті.
XS
SM
MD
LG