Accessibility links

Алматыда бензин таситын көлік өртенді


Алматыдағы өрт
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00
Жүктеп алу

Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында жанармай таситын көліктің өртенуі. 27 маусым 2013 жыл.

Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы Rixos қонақүйі жанында жанармай таситын көлік (бензовоз) апатқа ұшырап, көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігін өрт шалды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оқиға орнына барған қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин журналистерге "алдын-ала мәлімет бойынша бензовоз жүргізушісі қаза болғанын" хабарлады.

Оқиғаға куә болғандардың Азаттық тілшісіне айтуынша, цистернасына Helios деп жазылған жанармай таситын көлік әуелі жол шетіне шығып кетіп аударылған. Жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған. Бұдан соң көліктен жанармай ағып, ол бірден тұтанған. Жақын маңда тұрған он шақты жеңіл көлікке де жанармай тиіп, өртенген.

"Қазір Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысы қоршалған. Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің өртін сөндірді" дейді Азаттық тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Юрий Ильиннің айтуынша, бүгін оқиғаға қатысты баспасөз жиыны өткізілмек.
XS
SM
MD
LG