Accessibility links

Моңғолия президенті екінші мерзімге сайланды


Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж. Вильнюс, 1 шілде 2011 жыл.
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж екінші мерзімге қайта сайланды. Сәрсенбіде өткен президент сайлауында ол сайлаушылардың 50 пайыздан көп дауысын жинаған.

Цахиагийн Элбэгдоржымен бірге сайлауға биліктегі оппозициялық Моңғол халықтық партиясы атынан - парламент мүшесі Бадмаанямбуугийн Бат-Эрдэнэ (бұрынғы балуан), Моңғол халық революциялық партиясы атынан - денсаулық сақтау министрі Нацагийн Удвал (ханым) түскен.

Ресми орындардың хабарлауынша, берілген барлық дауыс саналған. Бірақ сайлаудың түпкілікті нәтижесі дауыс беру жәшіктері ел астанасы Улаанбаатарда тексеруден өткен соң жария болмақ.

Сайлау кампаниясындағы басты тақырыптардың бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі болды.

Ел экономикасының дамуы өткен жылы 12 пайызға өскен. Бірақ елдегі халықтың көпшілігі әлі де кедей тұрады.

Бұрынғы журналист, биліктегі демократиялық партияның өкілі Цахиагийн Элбэгдорж 1990 жылдардағы коммунистік билікке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған.
XS
SM
MD
LG