Accessibility links

Минскіде кәсіпкерлер Кеден одағына қарсы шеруге шықты


Минскіде Беларусьтің шағын және орта деңгейдегі кәсіпкерлері үкіметтен Кеден одағынан шығуды талап етіп, бір күндік наразылық шеруіне шықты.

Дүйсенбіде Беларусь кәсіпкерлерінің форумы Кеден одағына қарсы науқан бастауға келіскен. Кәсіпкерлер одақтың шарттары мен заңнамалары өздерінің араласуынсыз түзілгенін және ол ережелер мүдделеріне қайшы екенін айтады.

Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кеден одағы 2010 жылы құрылды. Одақ үш елдің арасындағы сауда айналымын жеңілдетуі керек болған.

Ресей үкіметі бұған дейін "Кеден одағын құрудағы мақсат - 2015 жылға қарай Еуропа одағы үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағын құру" деп мәлімдеген еді.

Азаттықтың Беларусь қызметінің хабарлауынша, полиция кәсіпкерлердің қарсылық акциясында Азаттық журналисі Игорь Карнейді, "Перспектива" қоғамдық ұйымының жетекшісі Анатолий Шумчанконы және тағы бірнеше адамды тұтқындаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG