Accessibility links

Байқоңырдан ресейлік "Кондор" спутнигі ұшырылды


Ресей зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресей зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр, 24 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 маусымға қараған түні ресейлік "Кондор" спутнигін тіркеген "Стрела" зымыраны ұшырылды деп хабарлайды ҚазТАГ.

"Кондор" шағын ғарыш аппараты Жер шарын қашықтан бақылайды. Спутниктің салмағы - 1150 килограмм, қызмет ету мерзімі - 5 жыл.

Ресей осыдан екі күн бұрын да Байқоңырдан ""Ресурс-П" ғарыш аппаратын тіркеген "Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшырған.

Ресей бұл ғарыш айлағын Қазақстаннан 1994 жылы жалға алып, 2050 жылға дейін толық пайдалануға келісім жасасқан. Бірақ соңғы кездері екі ел арасында Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты біраз дау туды.
XS
SM
MD
LG