Accessibility links

Мәскеуде мың жарымдай мигрант тұтқындалды


Мәскеуде тұтқындалған шетел мигранттары. (Көрнекі сурет)
Мәскеуде тұтқындалған шетел мигранттары. (Көрнекі сурет)
Мәскеу полициясы Орта Азия елдерінен барған, уақытша баспаналарда тұрып жатқан 1400-ге тарта мигрантты тұтқындады.

Қалалық полиция өкілінің хабарлауынша, ұсталған мигранттардың көпшілігі - Ресейге Тәжікстан мен Өзбекстаннан барған азаматтар. Өкіл мигранттар қаланың оңтүстік-шығысындағы сырты қоршалған елді мекендегі 13 үйде тұрып келгенін айтады.

Екі және үш қабатты үйлерді түркиялық фирма кеңсе мен сауда кешені ретінде салған. Мигранттар ол жерде әр бөлмеде сегіз-тоғыз адамнан тұрған.

"Заңсыз көші-қон ұйымдастыру" және "көші-қон заңдарын бұзу" фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Осы айдың басында Мәскеуде мигранттар тұратын үлкен жерасты қалашығы әшкере болған еді. Қалашықта асхана, кинозал, шаруашылық бөлмелелері салынған.
XS
SM
MD
LG