Accessibility links

Геннадий Головкин Мэттью Маклинді нокаутпен жеңді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын кезекті мәрте қорғап қалды.

Маусымның 29-ы күні АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Машантукет қаласында өткен жекпе-жектің үшінші раундында ол британдық қарсыласы Мэттью Маклинді нокаутқа түсірді.

Осылайша Головкин кәсіпқой бокс рингіндегі 27-кездесуін жеңіспен өткізді. 24 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутпен жеңген.

Биыл наурыздың 30-ы күні Монакода өткен жекпе-жекте Головкин жапониялық 36 жастағы Нобухиро Ишиданы да үшінші раундта нокаутқа жіберген еді. Оның алдында Головкин америкалық Габриэль Росадоны да таза ұтқан.

30 жастағы Геннадий Головкин 2000 жылы жасөспірімдер арасында, 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
XS
SM
MD
LG