Accessibility links

Семейде шекарашылар сотталды


Семейде бүгін қаржы полициясының қызметкерлерімен төбелесті делінген шекарашылар сотталды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Семей әскери сотының судьясы Бауыржан Әбдіқалықов "Ұрлытөбе" шекара бекеті бастығының міндетін атқарушы Нұржан Мұратовты "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деп айыптап, 6 жылға соттауға үкім шығарған.

Қалған бес шекарашы - 2033 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне де жоғарыдай айыптар тағылып, әрқайсысы бес жарым жылға шартты түрде сотталған.

Өткен жылдың 15 қазанында қаржы полициясының қызметкерлері мен шекарашылары арасында төбелес болған еді. Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері 2033 әскери бөліміне қарасты "Ұрлытөбе" шекара бекетінің қызметкерін тұтқындауға барған кезде шекарашылар оларға қарулы қарсылық көрсеткен.

Судья Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының атына және 2033 әскери бөлім өкілдеріне мұндай оқиғаға жол бермеу шараларын қабылдау туралы жеке шешім шығарды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG