Accessibility links

Каирде "Мұсылман бауырлар" ұйымы кеңсесі өртелді


Наразылық танытушылар "Мұсылман бауырлар" ұйымының кеңсесін басып алды. Каир, 1 шілде 2013 жыл.

Наразылық танытушылар "Мұсылман бауырлар" ұйымының кеңсесін басып алды. Каир, 1 шілде 2013 жыл.

Дүйсенбіде Египетте оппозициялық шерушілер Каирдегі "Мұсылман бауырлар" қозғалысының штаб-пәтерін басып алып, өрт қойды. Шерушілер кеңсенің терезесінен жиһаздарды лақтырып, штаб-пәтерді тонады.

Жексенбіде Каирде және басқа да қалаларда жүз мыңдаған адам көшеге шығып, президент Мұхаммед Мурсидің отставкаға кетуін талап еткен. Мурси - "Мұсылман бауырлар" саяси қозғалысының белді өкілі.

Мұхаммед Мурсидің қарсыластары оны "Мұсылман бауырлар" қозғалысындағы жақтастарына билікті беріп қойды және елді экономикалық дағдарыстан шығара алмай отыр" деп айыптайды.

Мурси билікке келген бір жылдан бері елде оның отставкаға кетуін талап еткен мұндай үлкен наразылық шерулері болмаған.
XS
SM
MD
LG