Accessibility links

Мурси әскерилер ультиматумын қабылдамады


Египет президенті Мұхаммед Мурси.

Египет президенті Мұхаммед Мурси.

Египет президенті Мұхаммед Мурси әскерилердің елдегі саяси дағдарысты 48 сағат ішінде шешу туралы ультиматумын қабылдамай тастады.

Сейсенбіде президенттің баспасөз қызметі мәлімдеме таратып, Мурсидің "мәселені шешетін өз жоспары" барын, ультиматум "түсінбестік тудыратынын" хабарлады.

Қорғаныс министрі, генерал Абдель Фаттах әл-Сисси Мурси үкіметі мен оппозицияны 48 сағат ішінде мәмілеге келуге ультиматум қойған. Келісімге келе алмаған жағдайда әскерилер мәселені шешудің өзі жоспарын жүзеге асыратындарын ескерткен.

Оппозициялық Ұлттық құтқару мйданы қозғалысы Мурси үкіметімен келіссөздерден бас тартып, ультиматум мерзімі біткен соң әскерилермен кеңесетінін білдірді.

Египетте жүз мыңдаған адам көшеге шығып, Мұхаммед Мурсидің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Қарсыластары Мурсиді исламшыл партиядағы жақтастарына билікті беріп қойды және елдегі экономикалық проблемаларды шеше алмады деп айыптайды.

Дүйсенбіде елдегі билікке қарсы наразылық акцияларының ықпалынан әуелі төрт министр отставкаға кеткен еді. Олардан соң сыртқы істер министрі Мохаммед Камель Амр де отставкаға кетті.
XS
SM
MD
LG