Accessibility links

Грузияда президент сайлауы күні белгіленді


Грузия президенті Мизаил Саакашвили.

Грузия президенті Мизаил Саакашвили.

Грузияда президент сайлауы 31 қазанда өтетін болды. Президент Михаил Саакашвилидің баспасөз қызметі әуелде оның сайлауды қазанның соңғы жексенбісінде өткізу жайында жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат таратқан еді. Кейін сайлау мерзімін 31 қазан деп түзетті.

Екінші мерзім президент қызметін атқарып отырған Михаил Саакашвили үшінші мерзімге кандидаттығын ұсынбайды. Өткен аптада премьер-министр Бидзина Иванишвили өкілетті мерзімі аяқталған соң Саакашвилидің "тұтқындалуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын" мәлімдеген еді.

2012 жылы қазанда парламент сайлауында Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" партиясы жеңіске жеткен соң президент Михаил Саакашвилидің бірқатар жақтасы қамауға алынып, айыптар тағылған.

Мамырда "Грузия арманы" партиясы президенттікке білім министрі Георгий Маргвелашвилиді ұсынған. Маусымда парламент спикері Нино Бурджанадзе де президент сайлауына түсетінін мәлімдеген. Наурыз айында оппозициялық жұмысшы партиясы президенттікке Шалва Нателашвилиді ұсынған.
XS
SM
MD
LG