Accessibility links

Мұсабаев: Байқоңырдағы апат - "Роскосмостың" ішкі ісі


Талғат Мұсабаев, "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы.

Талғат Мұсабаев, "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы.

"Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон" зымыранының апатқа ұшырауын Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің ішкі шаруасы деп атады. Бұл туралы ол бүгін үкімет отырысында мәлімдеді.

"Құқықтық жағынан келсек, зымыранның құлауы апат деп саналмайды. Себебі зымыран Ресейдің Қазақстаннан жалға алған территориясына құлап отыр. Зымыран бөлшектері Байқоңырдағы 81 және 200 алаңдардың арасына құлаған. Бұл - "Роскосмостың" ішкі шаруасы" деді Талғат Мұсабаев.

Бүгін таңертең Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң бірнеше секундтан кейін жарылып кеткен.
XS
SM
MD
LG