Accessibility links

Оралда "Протон-М" апатына наразылық акциясы өтті


"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырау сәті. 2 шілде 2013 жыл.

"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырау сәті. 2 шілде 2013 жыл.

Оралда азаматтық белсенділер Байқоңырдан ұша бере жарылған "Протон-М" зымыран тасығышына байланысты Ресейдің бас консулдығы алдында наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды жергілікті "Уральская неделя" басылымы.

Акцияны ұйымдастырған "Абырой" қоғамдық ұйымының өкілдері мен оған қатысқан тұрғындар зымыран тасығыштың апатқа ұшырау себептерін дереу тексеруді талап еткен хатты консулдыққа тапсырған.

Белсенділер Қазақстан үкіметін Ресейден жергілікті тұрғындарға келтірілген моральдық-материалдық шығын мен қоршаған ортаға тиген зардаптың өтемақы өндіріп алуға шақырған. Олар бұған қоса Қазақстандағы Ресей жалға алған әскери полигондарды жабуды да талап еткен.

Осындай наразылық акциясы кеше Алматыда да өткен еді. Ол кезде бір топ белсенді Алматыдағы Ресей консулдығына Байқоңырдағы апатқа қатысты наразылық хатын тапсырған.

2 шілдеде Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң бірнеше секундтан кейін жарылып кетті.
XS
SM
MD
LG