Accessibility links

Сауат Мыңбаев "ҚазМұнайГаз" басшысы болды


"ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.
"ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев.
Мұнай және газ экс-министрі Сауат Мыңбаев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының ресми сайты хабарлады.

"Қазақстан президентінің тапсырмасы және "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры басқармасының шешімімен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ләззат Қиыновтың өкілеті тоқтатылды. Компанияның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды" делінген хабарламада.

Сауат Мыңбаев бүгін мұнай және газ министрі қызметінен босатылған еді.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы "Самұрық-Қазына" қорының құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG