Accessibility links

Мемлекет басшылары Мурсидің кетуіне реакция білдірді


Египеттің қорғаныс министрі Абдел Фаттах әл-Сиси теледидардан сөйлеп тұр. 3 шілде 2013 жыл

Египеттің қорғаныс министрі Абдел Фаттах әл-Сиси теледидардан сөйлеп тұр. 3 шілде 2013 жыл

Әлем елдері басшылары Египет президенті Мұхаммед Мурсидің биліктен кетуіне қатысты реакцияларын білдіріп жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама Египет әскерилерінің шешіміне алаңдаушылық білдіріп, "көп ұзамай жаңа биліктің демократиялық жолмен, сайлау арқылы құрылатынынан үмітті екенін" айтты.

Обама Египетке берілетін көмектің қайта қаралып жатқанын да мәлімдеді.

Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Абдел Азиз әл-Сауд Египеттің конституциялық соты төрағасы Адли Мансурды президент міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалуымен құттықтады.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар үкіметтері де Мурсидің биліктен шеттетілгенін құптайтындарын білдірді.

Сирия президенті Башар Асад Египеттегі төңкерісті "саяси исламның күйреуіне" теңеді.

3 шілде күні Египеттің қарулы күштері ел конституциясының күшін жойып, жаңа сайлау өтетінін мәлімдеген. Қорғаныс министрі Абдел Фаттах әл-Сиси жаңа президент сайланғанға дейін Конституциялық кеңестің төрағасы президенттік жарлықтар шығаратынын, уақытша үкімет жасақталатынын хабарлаған.

Египет әскерилері дүйсенбіде елдегі үкіметке қарсы толқуларға байланысты биліктегі және оппозициялық саяси партияларға 48 сағат ішінде мәмілеге келуге мұрсат берген еді. Әскерилер мұрсат мерзімі аяқталып, билік пен оппозиция келісе алмаған соң Мурсиді қызметінен шеттетті.
XS
SM
MD
LG