Accessibility links

Сеул Пхеньянға «Кэсонға» қатысты ұсыныс жасады


Кэсон экономикалық кешенін күзетіп тұрған солтүстік кореялық әскерилер. 24 сәуір 2013 жыл.
Кэсон экономикалық кешенін күзетіп тұрған солтүстік кореялық әскерилер. 24 сәуір 2013 жыл.
Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға «Кэсон» экономикалық кешеніне қатысты келіссөздер бастауды ұсынды.
Бұған дейін ресми Пхеньян да өз аумағында орналасқан «Кэсон» индустриалды кешенінің жұмысын жандандыру туралы Сеулмен келіссөздерге дайын екенін мәлімдеген еді.
Оңтүстік Корея қаржыландыратын, негізінен Солтүстік Корея азаматтары жұмыс істейтін «Кэсон» индустриалдық кешені биыл сәуір айында екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен соң жабылып қалған.
Солтүстік Корея 2012 жылы желтоқсанда жасанды жер серігін ұшырып, 2013 жылы ақпанда ядролық сынақ жасаған. Сол оқиғалардан соң шет елдер мен БҰҰ тарапынан бұл мемлекетке қарсы қатаң санкциялар енгізілген.
XS
SM
MD
LG