Accessibility links

Египетте қарулы шабуылдан сарбаз қаза тапты


Газа секторында жүрген египет әскерилері. Синай түбегі, 2 1 мамыр 2013 жыл

Газа секторында жүрген египет әскерилері. Синай түбегі, 2 1 мамыр 2013 жыл

Египеттің Синай түбегінде, Газа секторымен шекарада 5 шілде күні таңертең қарулы адамдардың шабуылынан бір египет сарбазы қаза тауып, екі сарбаз жараланды.

Шабуыл жасағандар исламшыл топ өкілдері деген болжам бар.

Египетте 3 шілде күні әскерилер исламшыл президент Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттетіп, елде жаңа сайлау өтетінін мәлімдеген. Синайдағы шабуылдың әскерилер әрекетіне наразылық ретінде болғаны немесе басқа мақсатта жасалғаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG