Accessibility links

Байқоңырдағы апатқа қатысты Ресей елшілігіне хат тапсырылды


Белсенділер Ресей елшілігі алдында "Протон-М" апатына қарсы акция өткізді. Астана, 5 шілде 2013 жыл.

Белсенділер Ресей елшілігі алдында "Протон-М" апатына қарсы акция өткізді. Астана, 5 шілде 2013 жыл.

5 шілде күні Астанада Ресей елшілігі алдында Байқоңыр ғарыш айлағында болған апатқа байланысты наразылық акциясы өтті.

Акцияға жиналған 20-ға тарта адам елшілікке "Протон" зымыран тасығышын ұшыруды тоқтатуды, зымыран апатының салдарын зерттейтін қоғамдық комиссия құруды талап еткен хат тапсырды.

2 шілде күні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы бірнеше секундтан кейін апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.

Апатқа наразылық білдіріп, зымыран ұшырылуын тоқтатуды талап еткен акциялар Алматы мен Орал қалаларында да өтті.

Оралда Ресей консулдығы алдында наразылық акциясын өткізген суретші Асхат Ахмедьяровқа әкімшілік сот "ұсақ бұзақылық жасады" деген айып тағып, үш айлық есептік көрсеткіш (5 мың теңге мөлшерінде) көлемінде айыппұл салды.
XS
SM
MD
LG