Accessibility links

Ақтауда ресейлік "террористің" соты жүріп жатыр


Маңғыстау облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

"Ақтауда терроризм айыбымен істі болған ресейлік азаматтың соты жүріп жатыр" деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ақтау қалалық сотының таратқан ақпаратына қарағанда, сот 4 шілдеде басталған. Ресейдің 22 жастағы азаматына "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырды", "терроризмді насихаттады немесе теракті жасауға ашық түрде шақырды" деген айыптар тағылған.

Тергеу деректері бойынша, күдікті Дағыстанда тұрған кезінде "жиһадқа шақыратын дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен" байланыс орнатқан. 2009 жылы "үгіт-насихат жүргізу мақсатында" Ақтауға келген.
XS
SM
MD
LG