Accessibility links

"Роскосмос": "Протон-М" уақытша ұшырылмайды


"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин.

"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин.

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыранын ұшыру 2 шілдеде болған зымыран апатын тергейтін комиссияның жұмысы аяқталғанша тоқтатылды деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Бұл мәлімдемені "Роскосмос" агенттігінің басшысы Владимир Поповкин Ресей үкіметіндегі жиында айтқан.

2 шілдеде үш "Глонасс" спутнигі тиелген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG