Accessibility links

«Арқадағ» немересін насихаттай бастады


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің немересі Керімгулы Бердімұхамедов. Видеодан скриншот.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің немересі Керімгулы Бердімұхамедов. Видеодан скриншот.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің отбасы туралы ақпарат аз. Бірақ қазір бұл елдің баспасөзі президент немересі Керімгулы Бердімұхамедовті көп көрсете бастаған.

Мәселен, АҚШ-тың атақты әншісі Дженнифер Лопес Түркіменстанға келгенде, Керімгулы сахнаға онымен бірге шықты. Балалар ән салып, би билегенде, ол тіпті олардың ортасына атқа мініп шықты. Басқа роликтерде ол президент атасының қолынан ұстап, еріп жүреді.

ЕЛ НАЗАРЫН АУДАРҒАН

Керімгулы Бердімұхамедов қазір 12-де. Президенттің өзге туыстарына бұл балаға жасалғандай насихат болмаған. Ол алғаш рет ақпарат құралдарында 2012 жылдың ақпан айында көрінді. Атасымен бірге сайлау учаскесіне келді. Содан бері бұл бала Түркіменстандағы мемлекеттік іс-шараларда бірнеше рет төбе көрсетті.

Мына жерден Түркіменстан мемлекеттік телеарнасының видеосын көре аласыз:

Президент немересі Керімгулы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00
Жүктеп алу

Таяуда, маусымның 29-ы күні, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің 56 жасқа толған туған күні өтті. Каспий теңізінің жағасына салынған «Авази» курортында дүркіреген той жасалды. Осы мерекеде Керімгулы пианино ойнады. Дженнифер Лопесті құқық қорғаушы ұйымдар осы концертке келгені үшін сынаған еді.

«Арқадағтың» туған күні
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:17 0:00
Жүктеп алу

Түркіменнің ұлттық киімін киген президент немересі сахнаға шыққанда, жүргізушілер оны жәй ғана «Керімгулы Бердімұхамедов» деп таныстырды. Ол Түркіменстан мен оның «Арқадағына» (Бердімұхамедовтің жаңа мәртебесі, «ұлт сүйеніші» деген мағына береді – ред.) арналған өлеңді өзге әншілермен бірге айтты. Ол «Түндерің қандай - нұр шашып тұр. Отаным қандай - мақтанам. Елім менің - «Арқадағтың» арқасында құт қонған» деп шырқады.

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯ»

Бердімұхамедовтің отбасы туралы ақпараттар - құпия. Керімгулы туралы да мәліметтер көп емес. Оның ата-анасы жайлы да ақпарат жоқтың қасы.

Түркіменстанның АҚШ-тағы елшілігі 2009 жылы желтоқсан айында «президенттің үлкен ұлының екі қызы, бір ұлы бар» деген ақпарат таратқан еді.

Үлкен ұлдың аты – Сердар. Мәскеудегі халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Былтыр ол Түркіменстанның сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. 14 ақпан 2009 жыл.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. 14 ақпан 2009 жыл.

Президенттің үлкен қызы Гүлжахан Ихласгелді Амановқа тұрмысқа шыққан. Аманов Түркіменстанның Лондондағы мұнай-газ агенттігінде қызмет істейді.
Ашхабадтағы АҚШ елшілігінің мәліметі бойынша, Сердардың 3 жасар Айнагөзел есімді қызы мен 8 жасар Исмаил атты ұлы бар.

Ақпараттарға қарағанда, Бердімұхамедовтің кенже қызы да үйлі-баранды. 2009 жылы Парижде тұрған. Оның күйеуі сол жылдары Францияда елшілікте істеген.

2009 жылы Бердімұхамедовтың Марина есімді орыс әйелі бар екені жөнінде еміс-еміс ақпарат тараған. Марина бір кездері Бердімұхамедов жұмыс істеген тіс клиникасында медбике болған. Оның президенттен тапқан 17-18 жастағы қызы бар деген де сөздер шыққан.
XS
SM
MD
LG