Accessibility links

Boeing 777 апатының себебі жарияланды


Апатқа ұшыраған Boeing 777. Сан-Франциско. 6 шілде, 2013 жыл.

Апатқа ұшыраған Boeing 777. Сан-Франциско. 6 шілде, 2013 жыл.

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы халықаралық әуежайда апатқа ұшыраған Boeing 777 жолаушылар ұшағының апат себебі жарияланды.

АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік кеңесі таратқан мәлімет бойынша, ұшақ қонуға 7 секунд қалғанға дейін техникалық түйткіл байқалмаған. Алайда қонуға 1,5 секунд қалғанда ұшқыштар қайта көтеріліп, қонуға әрекет қылған. Осы сәтте Boeing 777 ұшу алаңындағы дуалға соғылып, апатқа ұшыраған.

6 шілде күні Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines ұшағы Сеулден Сан-Франциско қаласына ұшып келген. Бортта 291 жолаушы мен 16 экипаж мүшесі болған. 2 адамның қаза тапқаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG