Accessibility links

Әл-Барадеи вице-президент болуы мүмкін


Египет уақытша президенті Адли Мансур (оң жақта) Мұхаммед әл-Барадеимен кездесіп отыр. Каир. 6 шілде 2013 жыл.

Египет уақытша президенті Адли Мансур (оң жақта) Мұхаммед әл-Барадеимен кездесіп отыр. Каир. 6 шілде 2013 жыл.

Египеттің уақытша президенті Адли Мансурдың баспасөз хатшысы Ахмад Мусалламани "уақытша үкімет басшысы болып адвокат Зиад Бахауддин тағайындалуы мүмкін" екенін хабарлады.

Баспасөз хатшысының айтуынша, халықаралық атом агенттігінің бұрынғы басшысы, Нобель сыйлығының иегері, либерал саясаткер Мұхаммед әл-Барадеи вице-президент болып тағайындалуы ықтимал.

Бұдан бұрын «әл-Барадеи премьер-министр болады» деген мәлімет тараған еді. Алайда салафилік «Нұр» партиясының оған үзілді-кесілді қарсы болғаны хабарланды.

Биліктен шеттетілген Египет президенті Мұхаммед Мурсидің мыңдаған жақтасы жексенбі күні Каирдегі Наср-сити ауданындағы мешіт алдына жиылды. Олар Мурсиді билікке қайтаруды талап етті.

Египет әскерилері 3 шілде күні Мұхаммед Мурсиді "халықтың талабын орындай алмады" деп президенттіктен шеттетіп, елде жаңа сайлаулар өтетінін мәлімдеген. Уақытша президент қызметін атқару конституциялық кеңес төрағасы Адли Мансурға тапсырылған.
XS
SM
MD
LG