Accessibility links

Қытайда экс-министр өлім жазасына кесілді


Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь сотта тұр. 9 маусым, 2013 жыл.

Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь сотта тұр. 9 маусым, 2013 жыл.

Пекиннің екінші халық соты Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюньді өлім жазасына кесті. Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігінің жазуынша, бұрынғы министр пара алып, қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін айыпталған. Шешімге сәйкес, оның жазасы екі жылдан кейін жүзеге асырылады.

Бұдан бұрын, 2012 жылы Цзянси (Шығыс Қытай) провинциясының жауапты хатшысының бұрынғы орынбасары У Чжимин де парақорлықпен айыпталып, өлім жазасына кесілген еді. Оның жазасы да үкімі шыққаннан кейін екі жылдан соң орындалмақ.
XS
SM
MD
LG