Accessibility links

Назарбаев пен Путин бейресми кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин кезекті кездесуде. Астана. 29 мамыр, 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин кезекті кездесуде. Астана. 29 мамыр, 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей президентімен бейресми түрде кездесті.

Владимир Путинмен болған кездесуде Қазақстан президенті алдағы қазан айында Ресейдің Екатерингбург қаласында өтетін екі ел шекаралас аймақтарының форумында жаңа келісімдерге қол қойылатындығын айтқан.

Ресей президенті осы кездесуде Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады.
Екі ел басшылары ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылап, Сирия мен Египеттегі жағдайға алаңдаушылық білдірген.

Ресей президенті Владимир Путин Астанаға 7 шілдеде ұшып келді. Қазақстан президентінің туған күні 6 шілде болатын. Қазақстанда 6 шілде «Астана күні» ретінде атап өтіледі. Путин 6 шілдеде Қазақстан президентімен телефон арқылы сөйлескен еді.
XS
SM
MD
LG