Accessibility links

Стамбулдағы шеруден Гези паркі қайта жабылды


Стамбулдегі Гези паркі. Түркия, 8 шілде 2013 жыл.
Стамбулдегі Гези паркі. Түркия, 8 шілде 2013 жыл.
Стамбулдағы Таксим алаңы мен Гези паркі дүйсенбіде ашылғанымен бірнеше сағаттан кейін қайта жабылып қалды. Бұған наразылардың жаңадан ашылған паркте қайта жиналуы себеп болды.

Стамбул басшысы Хусейн Авни Мутлу дүйсенбіде үш апта бойы полиция қоршауында болып, жабық тұрған Таксим алаңы мен Гези паркі қайта ашылатынын хабарлаған еді. Ол "полиция бұл жерде өтетін кез-келген заңсыз, рұқсат етілмеген жиын, митингіні қуып тарататынын" ескерткен.

Қарсылық қозғалысының жетекшілері паркте дүйсенбі кешке наразылық шараларын өткізуге шақырған. Бірақ полиция наразыларға су мен көзден жас ағызатын газ шашып, таратып жіберді.

Мамыр айының соңында Стамбулағы Гези паркінде сауда орталығын салуға наразылық туып, ол кейін Түркия үкіметіне қарсы шерулерге ұласқан. Маусым айының соңында түрік үкіметі демонстрацияларды тоқтату үшін күш қолдану туралы шешім қабылдады. Гези паркіндегі наразыларды полицияның күш қолданып таратуы халықаралық қауымдастықтың да алаңдаушылығын тудырды.
XS
SM
MD
LG