Accessibility links

Канадада пойыз апаты құрбандары 13-ке жетті


Қаланың пойыз апатқа ұшыраған бөлігі. Лак-Мегантик, Канада, 6 шілде 2013 жыл.

Қаланың пойыз апатқа ұшыраған бөлігі. Лак-Мегантик, Канада, 6 шілде 2013 жыл.

Канаданың Квебек провинциясында жүк пойызы апатынан опат болған адам саны 13-ке жетті. Ресми орындардың хабарлауынша, әзірге 50-ге тарта адам із-түзсіз жоғалғандар қатарына қосылған.

Мұнай тасымалдап келе жатқан, 72 вагоны бар пойыз 6 шілде күні Квебектің Лак-Мегантик қаласында апатқа ұшыраған еді. Пойыз әуелі рельстен шығып кетіп, қала орталығында жарылған. Жарылыстан сол маңдағы 40 үй қирап, қаланың орталығы зардап шекті. Алдын ала тексерулер бойынша, апатқа пойыздың тежегіші істен шығуы себеп болған.

Апат болған аймақтан 2 мыңға тарта адам көшірілді.

Үкімет өкілдерінің айтуына қарағанда, апатқа ұшыраған пойыздан 100 тоннаға жуық мұнай төгілген.
XS
SM
MD
LG