Accessibility links

Қашаған мұнайшылары жұмысқа шықты


Каспий теңізіндегі жасанды D аралы. Көрнекі сурет.
Каспий теңізіндегі жасанды D аралы. Көрнекі сурет.
Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі мұнайшылар ереуілін тоқтатты деп хабарлайды Азаттықтың Атырау облысындағы тілшісі.

Бүгін брифинг өткізген облыстық прокуратураның арнайы өкілі Асылан Нұрғалиевтің айтуынша, қазір ереуілші мұнайшылардың бәрі жұмысқа шыққан.

"Жұмысшылар шағымданған еңбек заңын бұзушылықтар жойылды. Жұмыстан қысқартылған жұмысшыларға тиісті өтемақы төленетін болды. Қысқарту процесін мемлекеттік органдар бақылайды. Ұжым түсірген арыз бойынша прокуратура тексеру жүргізеді" деді Асылан Нұрғалиев.

Бұған дейін Қашағанның жасанды D аралында Agip компаниясының мердігері - CAPE Industrial Services компаниясының 200-ге тарта жұмысшысы ереуіл жариялап, жұмысқа шығудан бас тартқан. Жұмысшылар кеніште құрылыс және жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты қысқарту жүргізілуіне наразылық білдірген.

Наразылыққа байланысты аймаққа облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев барған.
XS
SM
MD
LG