Accessibility links

ДСҰ: Еуропа Одағы Ресейді сотқа бермек


Ресейдің ДСҰ-ға қосылуына наразылық акцияларының бірі. Мәскеу, 3 шілде 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ресейдің ДСҰ-ға қосылуына наразылық акцияларының бірі. Мәскеу, 3 шілде 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Еуропа Одағы (ЕО) Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) аясында Ресейдің үстінен шағым түсірмек. ЕО Ресейдің елде сатылған шетелдік ескі көліктерді утилизациялау үшін шетелдік көлік өндірушілерге салық салу туралы жаңа заңына қарсылық білдірді.

Ресей ДСҰ-ға өткен жылы қосылған еді. Содан бері осы ұйым аясында Ресейге қарсы алғаш рет шағым жасалып отыр. Елдің ДСҰ-ға кіру шарттарының бірі импортталатын заттарға салынатын салықты азайту болатын. "Мәскеу импорт салығын азайтқаннан келген шығынды осы заң арқылы өндіріп алмақ" дейді шағымданушы тарап.

Еуропалық дипломаттар Мәскеу жаңа заң арқылы шетелдік компанияларды алалап отырғанын айтып, утилизация жасау салығы ресейлік және шетелдік көлік өндірушілерге бірдей болуын талап етеді.

Ресей ДСҰ-ға 2012 жылы тамызда, 18 жыл келіссөзден кейін мүше болған.
XS
SM
MD
LG