Accessibility links

Ресей: Сирия көтерілісшілері химиялық қару қолданған


Виталий Чуркин, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.

Виталий Чуркин, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин осы ұйымға сириялық көтерілісшілердің улы зарин газын қолданғаны туралы "айғақтарды" тапсырды. Дипломаттың айтуына қарағанда, "ресейлік сарапшылар Алеппо маңындағы Хан әл-Асал ауданына кіріп, көтерілісшілердің зарин газын қолданғанын дәлелдейтін айғақтар жинаған".

Ресей өкілдерінің айтуынша, тергеушілер көтерілісшілердің 19 наурызда Хан әл-Асал ауданына "Башар-3" деп аталатын үш зымыран атқанын анықтаған. Зымыраннан 26 адам, оның ішінде 16 үкімет әскері қаза тапқан.

Виталий Чуркиннің сөзінше, БҰҰ-ға берілген 80 беттік есепте "зымыранда зарин газы болғаны анық көрсетіледі және "көтерілісшілер Алеппоның осы ауданында химиялық қару қолданды" деп ұйғарым жасауға әбден болады".

Батыс елдері "сириялық көтерілісшілердің химиялық қару қолданғанына айғақ жоқ" дейді.

Маусым айының ортасында АҚШ үкіметі барлау ұйымдарының мәліметіне сүйене отырып, "Сирия үкіметі көтерілісшілермен қақтығыс кезінде зарин газы сияқты химиялық қару қолданған" деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG